Kyzylorda-news.kz. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыс бойынша Жол картасының 2022 жылға орындалу қорытындысы бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды.
2022 жылы Жол картасы аясында өңірде 748 іс-шара орындалды.
Соның ішінде халықты алаңдатқан тұрғын үй мәселесін шешуде пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 683,2 мың ш.м. метрді құрап, өсімі 103,3%-ды құрады. Яғни, өткен жылы 20 көпқабатты тұрғын үй іске қосылып, 15 көпқабатты тұрғын үйге жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Облыстық, қалалық, аудандық маңыздағы 368 шақырым жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалыпты жағдайдағы жолдардың үлесі 82%-ға жетті.
Тұрғындарды алаңдатқан облыс орталығындағы жолаушылар тасымалы түпкілікті шешілуде. Осы мақсатта бүгінгі күнге жоғары сыйымдылықтағы 100 автобус сатып алынса, биылғы жылы да қосымша150 автобустар алу жоспарланып отыр.
10 елді мекен табиғи отынға қосылып, облыстың газдандыру деңгейі 68%-ға жеткізілді.
Мұнан бөлек, білім, медицина, спорт салалары бойынша да бағдарла аясында атқарылған жұмыстар көптеп саналады.
Жиын барысында өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов атқарылған жұмыстар ең алдымен халықтың әл ауқатын арттыруға және сол арқылы өңірдің даму көрсеткіші айқындалатынын сөз етті. Сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес жауапты сала басшыларымен ортақ істі жетілдіру бағыттарын талқылады.
Кеңес отырысына облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары қатысты.
