Kyzylorda-news.kz. Елімізде көлеңкелі экономиканы қысқарту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін ақпараттандыру мақсатында 2023 жылдың І жартыжылдығына арналған Жол картасы аясында Салық саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға байланысты Басқарманың бөлім басшылары А.Кайрбаев, Ж.Табынбай Кәукей ауылының тұрғындарымен кездесті.

Басқарма басшысымен 2023 жылдың 23 мамырында бекітілген ауданның елді мекендерін аралау кестесі аясында өткізілген кездесу барысында ауыл тұрғындарына жалпы салық түсінігі, салық саясаты, салық мәдениеті тақырыптарында, оның ішінде Жалпыға бірдей декларациялау, Жеке тұлғаның банкроттығы, Мемлекеттік кірістер саласындағы жобалар мен акциялар, қолданысқа енгізіліп жатқан мобильді қосымшалар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында ақпараттандыру жүргізілді.

Сонымен қатар, белсенділік танытқан ауыл тұрғындарының толғандырған сұрақтарына, толыққанды жауаптар берілді.

Аталған жұмыстар жалғасын тауып, ауданда орналасқан барлық елді мекендер қамтылатындығын және мәжіліс аудан орталығында қорытындыланатындығын назарлыңызға жеткізеді.

Тағы да оқыңыз: