Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлік ел дамуына салмақты үлес қосатын күшке айналғанда ел экономикасының өркендейтіні анық. Яғни, бұл саладан түскен табыс та қомақты, жұмыспен қамтылушылар саны да біршама жоғары. Бүгінде елімізде кәсіпкерліктің тынысын кеңейту бағытында түрлі бағдарлама қабылданып, тиімді жобалар жүзеге асуда. Олардың нәтижесі де жоқ емес. Өз кәсібін бастап, табыстың көзін тапқан Гүлзия Елешова бүгінгі әңгімеге арқау болмақ.
2017 жылы Гүлзия Жеке қаражаты есебінен «Батыс Еуропа – Батыс-Қытай» тас жолы бойынан жол бойы сервистік қызмет көрсету орынын ашты. Содан бері аталмыш нысанан адам аяғы үзілмей тұрақты жұмыс жасап келеді. Мұнда келушілерге жайлы жағдай жасалған. Тамақтану, жатын орындары, көлік жондеу орынымен қамтамасыз етілген.
– Біз тәулік бойы жұмыс жасаймыз. Бастапқы уақытта көп еңбектенуге тура келді. Қиындықтар да болды. Бірақ бастаған ісімді орта жолдан тастаған жоқпын. Ақырындап жұмыстың ауырлығы атта қалып, табыс та молайа түсті.Мұнда келушілердің дені жолаушылар. Олардың ризашылығын естігенде төбем көкке жеткендей болады. Кәсіпкер үшін бұл ең жоғары жетістік, - дейді ол.
Бүгінде Гүлзия 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оларға қоятын талаптары да бар. Бұл жолаушылар тынығу орыны боғандықтан келім-кетім адамдар көп болатыны белгілі. Мұндайда мұнтаздай тазалық пен сапалы қызмет көрсету кәсіпкердің басты талабы.
– Қазір бәсекелестік ортаға сай болуың керек. Біздің өңірдің өзінде жол бойы қызмет көрсететін бірнеше нысан бар. Сондықтан барлық жағынан талапқа сай, озық болуымыз қажет. Сонда ғана халық өзіне ыңғайлысын таңдайды. Мұнда ұсынылатын қызметтің барлығын келушілер талғамына сай таңдай алады, – деді.
Гүлзия табысқа жете жүріп қайрымдылықтан да қол үзбен жан. Сервистік қызмет көрсету орынына жақын орналасқан Сапақ ауылының халқының кәсіпкерге деген құрметі ерекше. Ылғида жоғымызға болысып, демеушілік жасап отырады дейді Сапақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеткерген Жасанов.
– Баталы ұл арымас деген қазақта жақсы сөз бар. Гүлзия өз кәсібін бастарда ел ақсақалдарының басын біріктіріп, кеңесіп батасын алған еді. Содан бері кәсібін дөңгелетіп келеді. Қандай жақсы істің басынан табылып, қолдау көрсетіп отырады. Жыл сайын оқу жылы алдында Сапақтық оқушыларды қажетімен қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырған, – деген ауыл ақсақалы ыстық қыласын да білдірді.
Гүлзия кәсіпкерлік саласында өз орынын қалыптастырған жандардың бірі. Оның обылыс, аудан әкімдігі тарапынан алған марапаттар жетерлік. Жуырда ғана іскер әйелдер форумында кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапат биігіне көтеріліп қайтты. Заты әйел болса да, қайтпас қайсарлығымен ерге бетер тындырымды тірлігімен танылған Гүлзия Елешованың табысқа жетудеге табандылығы жастарға үлгі болары сөзсіз.
