Kyzylorda-news.kz. 26 наурыз күні Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 15 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түскен.

Жоғалған қызды іздеу үшін бүкіл  полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен  қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған қыз Қызылорда қаласында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда  жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтың  алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқығын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екенін ескертеді.

Тағы да оқыңыз: