Қызылордада жоғалған екі қыз табылды, үшіншісін іздеу жалғасуда – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада жоғалған екі қыз табылды, үшіншісін іздеу жалғасуда

28.03.2021, 11:00

741 0

Kyzylorda-news. Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.

Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды.

Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.
Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

0

Пікір қалдыру