Kyzylorda-news.kz Жалағаш аудандық Руханият орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесуге аудан ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, сала мамандары мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов жүргізіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда жарияланған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен міндеттерге тоқталды.

Кездесу барысында әлеуметтік саясатты жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Бөлембаев баяндама жасап, әлеуметтік қолдау шаралары, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы міндеттерді түсіндірді.

Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің сектор меңгерушісі Нұртас Төлегенов кәсіпкерлікті қолдау, өндіріс орындарының әлеуетін арттыру және экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытындағы басымдықтарға тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесуді қорытындылаған Ғани Сүлейменов Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік органдармен қатар, қоғам өкілдері мен әрбір азаматтың белсенділігі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Тағы да оқыңыз: