Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы орталығынан шамамен 154 шақырым қашықтықта орналасқан 724 тұрғыны бар Жіңішкеқұм ауылдық округі де бүгінде біршама дамыған.

Кәсіп бастаймын деген ауыл тұрғындарына мемлекет қайтарымсыз грант бөліп, жыл басынан бері мал басы көбейтіп келеді. Сонымен бірге ауыл көркін келтіретін жарық шамдар орнатылып, бүгінде халық игілігіне жарап отыр. Демеуші есебінен ауыл ішіндегі балалар ойын алаңына, кіші футбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілген болатынСондай-ақ мердігер есебінен жаңадан 20х40 кіші футбол алаңын салуға  сметалық құжаттары жасалынып, бюджеттік өтінім тапсырылды,–дейді ауыл әкімі Мұхансерік Әлішев.

Бүгінгі басты мәселелердің бірі – жұмыссыздық екені анық. Атаулы мәселенің алдын алу жұмыстары Жіңішкеқұм ауылдық округінде де жүйелі атқарылып келеді. Жалпы жыл басынан бері жаңа жұмыс орындарына 8 адам қабылданып, 6 адам такси қызметіне патент алып жұмыс жасайды екен. Сонымен қатар атаулы округте 18 адам қоғамдық жұмысқа қабылданып, жұмыс істеуде.

Құрылыс саласы бойынша ауылдық окуругте 100 орындық №248 орта мектебінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауыл көлемінде тазалық және қайырымдылық жұмыстары ауыл жастары, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындары қолдауымен бірге жүйелі түрде ұйымдастырылып, өзге де көптеген жұмыстар қоғамдық келісім кеңесімен бірігіп атқарылады.
 

Тағы да оқыңыз: