Kyzylorda-news.kz. Бүгінде бизнес саласында бағын сынап көрген әйелдердің ішінде басым көпшілігі табысқа жетуде. Солардың бірі – жерлесіміз, алты баланың анасы, жиһаз цехының иесі Маржан Мадраимова.
Ол Қызылордада дүниеге келген, мектептен кейін Шымкент көркемсурет училищесіне дизайнер мамандығы бойынша оқуға түсті. Студент кезінде тұрмысқа шығып, он жыл бала тәрбиесімен үйде болған. Содан соң жиһаз салонына жұмысқа орналасқан кәсіпкер бес жылдың қалай өткенін білмей қалдым дейді. Жиһаз өндірісінде тәжірибе жинаған ол осы кәсіпті өзі бастап көруді жөн көреді. Алғашында дайын жиһаз сатым, уақыт өте келе өз бұйымдарын шығаруды жөн санайды. Оның дизайнерлік оқуын оқу бекер емес. Маржан Мадраимова аз уақыттың ішінде шеберлер бригадасын жинап, қалада жиһаз шеберханасын ашты.
«Іс бастау ешқашан оңай емес. Клиенттерді табу үшін қаланы аралап, жарнамалар ілдім. Менің қызметім туыстар мен таныстарымның қолдауымен елге таныла бастады. Осылайша алғашқы клиенттер пайда болды. Ең бірінші тапсырыс жәшік жасау болды. Өзім білімімді жетілдіру арқылы, өз ақшаммен нөлден бизнес бастадым. Мен ешқашан несие алып, мемлекеттік органдардан көмек сұраған емеспін. Кішкентай балаларың барда, әрине, кәсіппен айналысу оңай емес. Мен оларды өзіммен бірге жұмысқа алып жүрдім», - дейді Маржан.
Содан бері 14 жыл өтті. Кенже ұлы қазір алты жаста. Үлкен балалардың өз отбасылары бар. Маржан төрт немеренің әжесі. Үлкен қызы да жиһаз жасайды, бірақ оның жеке шеберханасы, жеке бригадасы бар.
Цехта қызылордалық қыз-келіншектер тапсырыс бойынша кез келген сападағы жиһаздарды жасайды. Мұнда бәрі тыңғылықты жабдықталған, тұтынушылардың кез келген тадабын орындауға жағдай жасалған. Тек жергілікті тұрғындар ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де тапсырыс береді.
«Бұған дейін бізде пәтер жиһаздары түпнұсқа емес, ұқсас жиһаздар мен кілемдер, бірдей сервант пен орындықтар болған. Бірақ ол заман артта қалды, қазір әр адамның өз үйінде ерекше интерьер жасау мүмкіндігі бар. Тапсырыспен жасалған жиһаз қазір көпшілік үшін әдеттегі тәжірибеге айналды. Көптеген азаматтар эксклюзивті өнімдерді сатып алғысы келеді, себебі оларда бөлмелерінің өлшемі әр түрлі.
Шынында да, тапсырыс бойынша жиһаз жасау сатып алушыны көптеген мәселелерден құтқарады. Түс схемасы қандай болатынын клиент өзі шешеді, қолданылатын материалдар, жиһаздың өлшемін, шкафтың ішіндегі сөрелердің санын және т.б. Сіз дизайнды өзіңіз жасай аласыз немесе мамандардан көмек сұрай аласыз. Маржан дизайнер болғандықтан, жиһаз дизайнын жасау кезінде клиенттерге бірнеше нұсқаны ұсынады. Орташа алғанда, бір тапсырысты орындау үшін екі апта қажет, бірақ жобаның күрделілігіне байланысты ол ұзағырақ болуы мүмкін. Соңғы уақытта көбірек адамдар табиғи ағашты жақсы көреді. Материалдарды сатып алуда қиындықтар бар, себебі олар Қызылордада қымбат. Сондықтан кәсіпкер оларға негізінен Алматы мен Шымкентте тапсырыс береді.
Фото: kzvesti.kz
