Kyzylorda-news.kz Соңғы жылдары Қызылорда қаласында шыны зауытынан бастап түрлі ауқымды жобалар қолға алынды. Күні бұрын 90 миллиондық қуаты бар кірпіш зауыты ашылған болатын. Бұдан бөлек, картон зауыты, жиһаз цехтары да бар.
Соны негізінде, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаеа жаңа жиһаз цехының құрылыс жұмысымен танысты.
Жобаны жүзеге асыру үшін «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы 78 млн. теңгеге қаржыландырылды. Жоба құны 200 млн теңге. Кәсіпорын иесі Амангелді Панабек цех жұмысы басталса 25-ке жуық адам жұмыспен қамтитынын айтуда.
Қазіргі таңда Жиһаз цехының құрылысы толық аяқталды, қажетті жабдықтардың 4-і іске қосылған, қалған 6 қондырғы енді қосылмақ.