Kyzylorda-news.kz  «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы халықпен тығыз байланыста болып, ел дамуына бағытталған саяси бастамаларды насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Осы орайда қалалық филиалдың Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаева «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымында болып, ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде Атқарушы хатшы Жолдауда айқындалған басым бағыттарға кеңінен тоқталды. Әсіресе, ел экономикасын әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, аймақтық инфрақұрылымды нығайту, жасанды интеллекті дамыған озық елдің қатарына кіру мәселелері жан-жақты баяндалды.

Жиынға қатысқан партия мүшелері Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Талқылау барысында бастауыш партия ұйымдарының негізгі міндеті – ел Президентінің саяси бағытын қолдау, оның мән-мағынасын тұрғындарға кеңінен түсіндіру екендігі айтылды.

Өз кезегінде Гүлшат Мұсаева: «Жолдау – мемлекет дамуының стратегиялық бағдары. Әрбір партия мүшесі осы құжаттағы міндеттерді орындауға үлес қосып, халықпен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Бұл – біздің ортақ жауапкершілігіміз», – деп атап өтті.

Тағы да оқыңыз: