Kyzylorda-news.kz Кеше Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінен 18 сарбаз әскери госпитальға жатқызылды. Оның ішінде біреуі қазір облыстық ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлады. 

18404 әскери бөлімінен госпитальға жатқызылғандардың бәрі жуырда ғана әскер сапына алынған жастар. Олардың ешқайсысы әлі әскери ант қабылдап үлгермеген. Климаттың ауысуы мен күннің салқындауы, әрі әскер режиміне енді үйренісіп келе жатқан жас сарбаздардың жаппай суық тиюмен ауруы қалыпты дейді Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жанат Сембаев.

Талдықорған қалалық әскери госпитальі бастығының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Бавомурат Ташпулатовтың айтуынша 2 сарбаз пневмония, 7 еуі бронхит, 8 і ОРЗ диагнозымен жатыр. Ал, Жетісу облыстық ауруханасына жатқызылған бір сарбаздың жағдайы ауыр.

«Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына ауыр интоксикация синдромы диагнозымен 2005 жылғы науқас түсті. Оның таңертеңгі жалпы жағдайы ауыр, негізгі және қатар жүретін патологияларға, тыныс алу жеткіліксіздігінің ауырлығына, интоксикация белгілеріне байланысты. Ауаның жетіспеушілігі, жөтел, әлсіздік, ентігу, ауыздың құрғауы туралы шағымдар бар. Емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Науқас бақылауда» — деді Жетісу облыстық ауруханасының директоры Анарбек Моңголхан.

Мерзімді сарбаздардың жаппай сырқаттануы фактісі бойынша әскери прокуратура қызметтік тергеу жүргізеді.

Фото: Мақсат Шағырбаев

Тағы да оқыңыз: