Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданынан шалғайда орналасқан Жетікөл елді мекеніндегі «Жетікөл-Жері» ЖШС көктемгі егіске қызу дайындық жұмыстарын пысықтау үстінде. 

Қазіргі таңда егістік жерлерін аяқ сумен толық қамтамасыз ету үшін су өткізгіш құбырларын салу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ егістік жерлерін қоршауда және тиесілі жерінің қалған бөлігіне ашу жұмыстарын жасауда. 

Жердің құнарлығына байланысты ауылшаруашылығы өнімдерін егуді қолға алып жатырмыз. Әрине, азық-түлік өнімдері толықтай шыққан жағдайда молшылыққа кеңелетініміз анық. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған «Жетікөл-Жері» ЖШС егін маусымына дайындықты бастап кетті. Жоспар бойынша дәнді-дақылдарды жерге орналастыру жүргізіледі. Үздіксіз жұмыстың арқасында жоғары өнімге қол жеткізуіміз керек. Көктем-жаз айларында кездесетін сан түрлі қиындыққа қарамастан егін маусымында межелеген өнімді алғанымыз дұрыс. Алға қойған мақсатымызды орындау мақсатында өткен жылы Украина елінің мамандарымен тығыз байланыс орнаттық. Өзара тәжірибе алмастық. Бағыты айқын ауыл шаруашылығы құрылымдарының мамандары бірнеше өнімді өсіру жолдарын айтып берді. Бұл ретте, климаттық зерттеулер жасалды. Біздің жерге қолайлы дән-дақылдар егуге барымызды саламыз, – деді Жетікөл ауылының әкімі Өмірбек Тоқпамбетов.

Тағы да оқыңыз: