Kyzylorda-news.kz «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында жетекші партияға қарасты бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары атқарған жұмыстар туралы есеп берді. Аталған жиынға «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов және атқарушы хатшы Еркебұлан Жақып қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бастауыш партия ұйымының 2023 жылға атқарған жұмыстары және алдағы уақытқа жоспарлаған міндеттер туралы баяндады. Күн тәртібіне сәйкес «О.Абдулпаттаев», «Айдарлы», «Шаған», «Шіркейлі», «Аманкелді», «Жетікөл», «Бесарық», "Іңкәрдария" бастауыш партия ұйымдарының төрағалары есеп берді. Бастауыш партия ұйым төрағалары атқарылған жұмыстарға тоқталып, партиялық жобалардың орындалу барысын атап өтті. Сонымен қатар, алда уақытта атқарылатын міндеттер жайлы хабарлады. Филиал төрағасы бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарына баға беріп, алда атқарылатын жұмыстарға тапсырмалар берді.
– Жетекші партия жұмысын жетілдірудің басты көзі – бастауыш ұйымдардың қызметтік бағытын жан-жақты үйлестіру болып табылады. Қазіргі уақытта сайлаушылардың сенім үдесінен шығу үшін көтерілген мәселелерді ұдайы шешімін табуға үлес қосу керекпіз. Қашанда партияның жұмысын жандандыруға күш сала береміз, – деді филиал төрағасы.
Өз кезегінде «Айдарлы» партия ұйымның жетекші Анар Қалдыбаева хабарлама жасады.
– «Айдарлы» бастауыш партия ұйымында 103 қызметкер партия мүшелігінде бар. Оның ішінде әйелдер саны – 67, эейнет жасындағылар – 11 адам болып табылады.
2023 жылы бастауыш партия ұйымынан 309540 теңге жарнапұл облыстық партия филиалының есепшотына аударылды. Жиналған жарнадан 61,0 мың теңге бастауыш ұйымға қайтарылды. Қайтарылған қаржыға бастауыш ұйым жиналысында партия мүшелерін марапаттауға 35,0 мың теңге сыйлықтар және багет,«Қызылорда Көркем» мекемесі арқылы бастауыш ұйымға 1х1,5м көлемдегі стенд пен 0,5х0,7 см көлемдегі табличка 24,0 теңгеге жасатылды.
2023 жылы партияға 16 мүшені қабылдау өткізілді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 2024 жылдың 1 наурыз күні Алғыс айту күні мерекесіне орай «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Күлкі-дәрумен» атты қайрымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық концерт ауыл тұрғыны, жалғыз басты ана Үсенова Фатимаға қаржылай көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып, іс-шара барысында ауыл әкімі Нұрбол Баянәліұлы ауыл ішілік ұжымдарды «Алғыс» хатпен марапаттады. Іс-шарада Айдарлы халық театрының өнерпаздары мен үйірме өнерпаздары концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. 2024 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен Айдарлы ауылының құрылғанына 50 жыл толуына орай ширек ғасырға жуық тарихы бар «Сұлу-ай» әжелер ансамблінің «Ғибраттылықтың жарқын үлгісі – ақ жаулықты әжелер» атты концерті ұйымдастырылды. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ардаггер аналарға арналған «Тектілігі төл бойынан табылған асыл аналар клубы» ашылды. Және қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ардагерлердің қатысуымен «Тұсау кесер» салт-дәстүрі болып өтті. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 қаңтар күні Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Бояулар құпиясы» атты ауылдық жас суретшілер фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы жайында бейнебаян көрсетіліп, суретшілікпен айналысып жүрген талантты балалрдың Айдарлы ауылының 50 жылдығы тақырыбында салынған суреттері көрсетілді. «Бақытты отбасы» жобасы аясында«Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 3 сәуір күні «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауылда «Жұп-жұбымен» атты отбасылық сайысы өткізілді. Сайысқа 5 жұп қатысып, ереже шартына сай ІІІ кезеңде өнер көрсетті. Байқауды ауыл тұрғындары жоғарғы деңгейде бағалап, жеңімпаз жұптарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. «Ұлттық мұра» - жобасы аясында 13 ақпан күні Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клуб үйінің ФАЕ залында«Айдарлы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауыл ішіндегі қолөнер шеберлерінің еңбектерін насихаттау мақсатында «Шебердің қолы ортақ» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының мүшесі Бахадурова Палкүміс (139 орта мектебінің технология пәні мұғалімі), Әлжанова Мәриямкүл (қол өнер шебері), Накипова Жұлдызай (қол өнер шебері) және ағаш ұстасы Акимов Сраждиннің қазақы нақышта жасалған тоқыма бұйымдары мен үй жағдайында пайдаланатын бұйымдары көрсетілді. «TazaLike» партиялық жобасы аясында көркейту, көғалдандыру, тазалық жұмыстарыаясында13 ақпан күні Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Адал адам" мәдени- тәрбие орталығының «Еріктілер тобы» жобасы аясында ауылдың ерікті жастары ауыл тұрғыны жалғыз басты ана Наурызбаева Айнаға, жалғызбасты ана Гүлдана апаға қайырымдылық көмек көрсетті. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Айдарлы» бастауыш партия ұйымының мүшелері әр сенбі күндері өздерінің тұратын үйлеріне және қызмет жасайтын мекемелердің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізуді әдетке айналдырды. «Киелі мекен» апталығы бойынша ауыл тұрғындары Айдарлы елді-мекеніне қарасты Асанас баба кесенесіне тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахадуров Әлімхан жасұрпаққа Асанас бабаның өмір тарихы жайлы деректерді кеңінен насихаттап, мәдени ескерткішпен таныстырды. Кесене жанындағы ағаштар әктеліп, күрделі тазалық жұмыстары жүргізілді, – деді Анар Қалдыбаева.
Негізінен «AMANAT» париясы Сырдария аудандық филиалына қарасты «Аманкелді» бастауыш ұйымы жұмыс жасайды. Ұйымда 156 қызметкер партия мүшелігінде бар. Ұйымға ауыл әкімдігі, №42 мектеп-лицей, ауылдық мәдениет үйі, балабақша мекемелері біріккен. 2023 жылы бастауыш партия ұйымынан 422,0 мың теңге жарнапұл облыстық партия филиалының есепшотына аударылып, жарнапұл 100 пайыз орындалды. Жиналған жарнадан 83,0 мың теңге бастауыш ұйымға қайтарылды. Қайтарылған қаржыға «Мектепке баланы даярлайық» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасы балаларына сумка оқу құралдарымен көмек берілді және «Қызылорда Көркем» мекемесі арқылы бастауыш ұйымға стенд, табличка алынды. Өткен жылы партияға 28 адам қабылданды. «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп оқушыларына оқу құралдары алынды. Мектеп оқушылары Түркістан қаласына, қасиетті мекендермен орындарды аралап танысуға барды. Қызылорда қаласында орналасқан облыстық мұражайға оқушылар ата-аналарымен бірге саяхат ұйымдастырылды. «Аманкелді» бастауыш париясы парақшасында тұрақты түрде ауылда, аудан мен облыста жүргізілген іс-шаралар мен жұмыстар тұрақты жарияланып отырады. Бұл ретте, жиынға келген барлық бастауыш партия ұйымдары бойынша есеп берді. Мәселен, Іңкәрдария ауылында "Туған жерге тағзым" тақырыбында ауылымза орналасқа Сырлытам кесенесі мен Мүлкілән баба мазарына аулы жастарынмен мекеме жұмысшылары бірігіп тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Жоспар бойынша алдағы уақытта 11 бастауыш ұйым есебі тыңдалатын болады.
