Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процестеріне реинжиниринг өткізу және осы қызметтердің аудан бойынша бірегей жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуші мамандармен жиналыс өткізілді.

Жиынға қала, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының салаға жауапты мамандары «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде қатысты.

Жиналыста жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру және сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік қызметінің 1 және 2-кезеңін көрсету мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер арқылы 125 қызмет түрі көрсетіледі. 2022 жылдың 11 айында барлығы 14 473 қызмет алынған. Атап айтқанда, мемлекеттік орган арқылы 232 (1,60 %) қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы 505 (3,49 %) қызмет және электронды үкімет порталы арқылы 13736 (94,9 %) қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, цифрлық технологиялар бөлімінің ақпаратына сәйкес,есепті кезең бойынша аудандар арасында электрондық қызметтерді көрсету үлесінің орташа көрсеткіші – 87,2%, оның ішінде Арал ауданы бойынша – 94,9 пайызды құраған. Бұл аудандар ішінде ең жоғары көрсеткіш.

Жиында күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің жауапты маманы Іздібаев Нұржан хабарлама жасады.

Хабарламадан соң, жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысымен мерзім бұзушылықтардың алдын - алу мақсатында мемлекеттік қызметтердің уақытылы орындалуын жеке бақылауға алу мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың оңтайлы жолын түсіндіру мақсатында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу сынды бірқатар нақты тапсырмаларды жүктелді.
 

19.jpg

Тағы да оқыңыз: