Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының жанынан құрылған Партиялық Бақылау Комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, пайдаланылмай жатқан және жекеменшікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде жұмысы Қызылорда қаласы бойынша жер мәселесі қаралды.
Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімімен қала бойынша игерілмей жатқан және заңсыз алынған жерлерді мемлекетке қайтару бағытында 2022 жылдың 29 шілдесінде өткізілген облыстық жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым алқабын пайдалану бойынша Қызылорда қаласы бойынша жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскесінің пайдалануына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда, көлемі – 50 437,72 гектарды құрайтын 677 жер учаскесіне мал басы тіркелуіне орай мақсатына сәйкес пайдаланғандығы анықталса, ал көлемі – 12 988,44 гектарды құрайтын 112 жер учаскесі мақсатына сәйкес пайдаланбау дерегі анықталып, (108,24 пайыз) мемлекет жер қорына қайтарылып отыр.
Нәтижесімен жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған 119 (209 315,8 млн.тенге) және құжатсыз иеленген 103 (233 156,6 млн.тенге) жер учаскелерінің меншік иелеріне берілген түсіндірме жұмыстарының негіздерінде 222 азаматтардың құжаттары кодекс талаптарына сәйкестендірілді (бюджетке 442 млн. 472 мың 400 теңге түсірілді)
«Жер аманаты» комиссиясының міндеті – ауыл тұрғындары үшін жайылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Үш айдың ішінде «AMANAT» партиясының араласуымен 10 өңірде 1,6 млн гектардан астам жер қайтарылды.

