Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен филиал жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті. Онда Комиссия мүшелері алдымен өткен жылғы жұмыстарды саралап, алдағы жұмыстарды пысықтады. 

«Жер аманаты» комиссиясы «AMANAT» партиясы жанынан Мемлекет басшысының бос жатқан жайылым жерді қайтару және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмасына сәйкес құрылған болатын. Осы бағыттарды жұмыстарды жетілдіру мақсатында партияның облыстық филиалы жанынан да  құрамы облыс әкімі мен облыс прокурорының орынбасарларынан бастап, тиісті сала мамандары мен қоғам белсенділерінен жасақталған «Жер аманаты» аймақтық комиссиялары құрылып жұмыс жасап келеді.  

Өткен жылы комиссия жұмысының нәтижесінде облыс бойынша   мемлекет меншігіне 77,5 мың гектар жер қайтарылып, жоспар 110,7 пайызға орындалды.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен бекітілген жоспарға сәйкес  60 мың гектар пайдаланылмай жатқан немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күні облыс әкімдігімен ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарудың аудандар бойынша жылдық және айлық жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар жасалып жатыр. 
Жиын барысында жоспардың орындалуы бойынша облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Марат Кушеков хабарлама жасады. 

Департамент басшысының айтуынша 2025 жылдың қаңтар айына облыс бойынша 500 гектар қайтару жоспарланып, жыл басынан бері мақсатсыз пайдаланылған  ауыл шаруашылығы бағытындағы жалпы көлемі 546 гектарды құрайтын  4 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.  Айлық жоспардың орындалуы 109 пайыз.

Жиын барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов  қайтырлған жерлерді мақсатты игеруге ниетті азаматтар үшін қолайлы жер таңдауына мүмкіндік беретін интерактивті картаға түсуін қадағалау, оның жұмысын халыққа кеңінен жеткізу, жайылымдық жерлердің тапшылығын жою, тұрғындар тарапынан комиссияға түскен арыз-шағымдарын қарап, олардың шешілуін қадағалау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Анықтама: интерактивті картаға енгізілген қайтарылған жерлер бойынша ақпарат алғыңыз келсе мына сілтемеге өтіңіз https://map.gov4c.kz/egkn/

Фото: «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы

Тағы да оқыңыз: