Kyzylorda-news.kz. Жер мәселесі қай уақытта да ең маңызды мәселелердің бірі. Оның ішінде заңсыз берілген жерлерді қайтару, ауыл тұрғындарына жетіспейтін жайылым жерлері және басқа да жер қатынастарды ретке келтіру бойынша «AMANAT» партиясы еліміз бойынша «Жер аманаты» жобасын іске қосып, түйткүлді мәселелердің шешілуіне мұрындық болуда.
Өткен жылы жоба аясында еліміз бойынша га заңсыз немес пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне алынса, біздің өңірде көлемі 157 мың 113,1 гектарды құрайтын 256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде көлемі 50 мың 879 гектар болатын 5 жер учаскесі сот шешімімен мәжбүрлі түрде өндірілді. Биыл жыл соңына дейін облыс бойынша пайдаланылмай жатқан 200 мың гектар жерді қайтару жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 89,3 мың га қайтарылды.
«Жер аманаты» аймақтық комиссиясы отырыстарының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен тиісті министрліктерге ұсыныстар жолданып, оның барлығы шешімін тауып жатыр. Соны бірі мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайта айналымға енгізіліп, 18,9 мың га жайылым үшін тұрғындарға берілді.
Биыл азаматтардан «Жер аманаты» аймақтық комиссиясына 21 өтініш келіп түсті және оның барлығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы партия филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясымен жыл басынан бүгінге күнге 7 отырыс өтті. Оның 6-ы көшпелі түрде аудандарда ұйымдастырылды. Жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару процесін қоғамға ашық жариялауда «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы БАҚ және әлеуметтік желілерде ашық жарияланып отыр. Бұл мақсаттағы жұмыстар күшеймесе бәсеңдемейді.
Бақдаулет МАХАШОВ,
Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, партияның облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» партиялық жобасының жетекшісі
