Kyzylorda-news.kz Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен  «Жастық жалынымыз – сүйікті отанымызға!» тақырыбында республикалық патриоттық форум өтті.

Жеңіс күні.jpeg

Патриоттық форум колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды. Форум аясында «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі ұйымдастырылады. 

Қазақтың мақтанышы – Мәншүк Мәметованың есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазақтың батыр қызының ерлігін дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбилеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өтеді.

Жеңіс күні.jpeg

Бүгінде өткен шеруге еліміздің біршама аймақтарынан 500-ден аса студент қыз қатысуда. Тек қана қыздардан сап түзеген, Мәншүк ізбасарларынан кұрылған «Мәншүк маршының» мақсаты –  жалынды жастардың бойында Отанына, туған жеріне деген елжандылық, патриоттық сезімін арттыру, рухани құндылықтарды жетілдіру. Оларды өз елінің жігерлі де қайсар ұрпағы ретінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, тарихты құрметтеуге үндеу.

Жеңіс күні.jpeg

Тағы да оқыңыз: