Kyzylorda-news.kz. Желтоқсанда бес күн жұмыс істейтіндер 12 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда атап өтіледі әрі ол мемлекеттік мереке болып саналады. 2019 жылы бұл күн жексенбіге келеді, ал “ҚР-дағы мерекелер туралы” Заңның 5-бабына сәйкес, мереке күндері демалыс күніне сәйкес келген жағдайда демалыс күні мерекеден кейінгі келесі күн болып табылады.

Сондықтан Тұңғыш Президент күні:

– бес күн жұмыс істейтіндер үш күн: 30 қараша, 1 және 2 желтоқсан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

– алты күндік жұмыс істейтіндер екі күн: 1 және 2 желтоқсан (жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Тәуелсіздік күнін қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда атап өтеді әрі ол ұлттық мереке болып саналады. Бұл күндер дүйсенбі және сейсенбіге келгендіктен, жұмысшылар:

– бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн: 14, 15, 16 және 17 желтоқсанда (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

– алты күн жұмыс істейтіндер үш күн: 15, 16 және 17 желтоқсанда (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) демалады.

Сонда жалпы желтоқсан айында бес күн жұмыс істейтіндер 12 күн (1, 2, 7, 8, 14, 15, 16, 17, 21, 22, 28, 29); ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн (1, 2, 8, 15, 16, 17, 22, 29) демалады.

Тағы да оқыңыз: