Kyzylorda-news.kz Қазақстандықтар желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай, ал қаңтарда Жаңа жылға орай демалады.
14 желтоқсан – сенбі, 15 желтоқсан – жексенбі, 16 желтоқсан дүйсенбі күнге түсіп тұр. 17 желтоқсан – сейсенбі. Сонда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан төрт күн – 14-17 желтоқсан аралығында демалмақ.
30-31 желтоқсан – жұмыс күндері. Дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр.
1-2 қаңтар, яғни сәрсенбі-бейсенбі күндері – демалыс. 3 қаңтар, жұма – жұмыс күні.
7 қаңтар, сейсенбі – демалыс. Рождество мерекесі.