Kyzylorda-news.kz Желіде әскериге белгісіз біреудің “әлімжеттік” көрсетіп жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан  Ұлттық ұлан әскери киімін киген жауынгердің сарбазды ұрып-соғып, балағаттап жатқанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бұл ақпаратты растады.

"Аталған факті бойынша 2024 жылдың 23 қыркүйегінде "Батыс" РМК Әскери полициясы қылмыстық кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскердегі өлімнің 90%-ы әлімжеттіктен емес, отбасылық кикілжіңдер үшін болатынын мәлімдеген еді. 

Фото: Видеодан скрин

Тағы да оқыңыз: