Kyzylorda-news.kz Желіде Астанадағы мектептер мен сауда орталығында теракт жасаймыз деп қорқытқан хабарламалар тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер мектептердегі оқушыларына шабуыл жасауға, сондай-ақ сауда орталығындағы бомба туралы жазатын арна пайда болды.

Астана полиция департаменті бұл ақпараттың өтірік екенін айтты.

"Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарына тексеріс жасалды. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз", – деп мәлімдеді Астана ПД.

Лаңкестік актісі туралы жалған хабар тарату 5 мың АЕК (18,5 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл  немесе 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

Тағы да оқыңыз: