Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет мамандары 11 қыркүйек, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оған сәйкес, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Салдарынан жаңбыр, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, найзағай жарқылдайды, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Тек елдің батысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.

Тағы да оқыңыз: