Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК мамандары 27 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады.
Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында циклонның әсерінен жаңбыр жауады.
ЭРеспублика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.