Kyzylorda-news.kz. 12 қыркүйекте шығыс жарты шарда және солтүстік аймақтарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің батыс жартысында антициклон жотасының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Түнде және таңертең Солтүстік және Орталық аймақтарда тұман түседі.

Қазақстанның шығыс жартысы мен солтүстік өңірлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар облысында күндіз екпіні жел 15-20 м/с соғады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Түнде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түнде солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшейеді. Орталықта желдің күші 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүсті-батысында тұман түседі, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең, оңтүстік-шығысында тұман түседі, түнде және күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: