Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс циклонының әсерімен елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республиканың тек батысы мен оңтүстік-батысы атмосфералық қысымның жоғары алқабында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстікте және батыста шаңды дауылмен күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.