Kyzylorda-news.kz. 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.
Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.