Kyzylorda-news.kz. Бүгінде сот орындаушылардың атқарушылық іс жүргізу және олардың мәртебесі туралы арнайы негіздер мен тәртібі бекітілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы хабарлады.

«Көп жағдайда азаматтар мен заңды тұлғалар заң талаптарын нақты білмегендіктен, өздерінің құқықтарын қорғай алмай жатады. Бұл ретте, сот орындаушылар келесідей атқарушылық іс-өндірісін қозғауға құқылы. Атап айтқанда, соттың бұйрықтары мен ұйғарымдары, соттың қаулылары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот орындаушысының келтірілген шығыстарды өтеу туралы, қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулылар, жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама, атқарушылық жазба, жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық. Осы құжаттарды орындауға заңда бекітілген мерзімдер бар. Осыған сәйкес, 3 жыл мерзім ішінде құжат сотпен қалпына келтірілмесе, атқарушылық іс өндірісі қозғалу заңсыз болып табылады», - деді облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева. 

Брифингте облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Зәуре Жарылқасынова алимент төлеуші борышкер әрбір кешіктірілген күні үшін тұрақсыздық айыппұлын төлеуге міндетті екенін айтты.

«Қазіргі таңда алимент өндіру ісі де жеке сот орындаушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Алайда, алимент өндірілмеген жағдайда сот орындаушы берешегін анықтап отыруы қажет. Бұл өз кезегінде жылдар бойы үлкен көлемдегі қаржыға ұласып, мәселе туындауы мүмкін. Осы ретте айта кету қажет, борышкер әрбір кешіктірілген күні үшін тұрақсыздық айыппұлын төлеуге міндетті. Оны атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысы ескеруі тиіс», - деді облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Зәуре Жарылқасынова.

318152371_1679094849152687_4094361576852302887_n.jpg

Тағы да оқыңыз: