Kyzylorda-news.kz Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап, осындай салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Десе де елімізде кейбір тұлғалар мен ұйымдар мүлік салығын төлемейді. Бұл жағдайлар заңда келтірілген.  

Олар: 1000  айлық есептік көрсеткiштің еселенген мөлшері шегiнде –Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар.

Ал тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері, үй жанындағы жер учаскелері, құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері, гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде − жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер төлемейді. 

Сондай-ақ айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде − бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер салықтан босатылады.

Тағы да оқыңыз: