Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде мекеме бастығы әділет подполковнигі Абай Битаевтың төрағалығымен жеке құраммен жиын өтті.

Жиын барысында мекеме бастығы қызметкерлерге заңдылықты қатаң сақтау, кез келген заң бұзушылыққа жол бермеу, арнайы контингентпен тек заң аясында және белгіленген тәртіпке сай жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті. Ол қызметтік тәртіпті сақтау – әрбір қызметкердің басты міндеті екенін және бұл талап мекемеде тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі де қозғалды. Мекеме бастығы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, бұл бағытта әр қызметкер осы жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін айтты.

Тағы да оқыңыз: