Қармақшы ауданыны әкімі Жандос Еркінбек азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кезектілік тәртібімен өткен қабылдауға 20-ға жуық азамат келді.
Көтерілген негізгі мәселелер қатарында тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек көрсету және жұмысқа орналасу сынды сұрақтар болды.
Аудан басшысы әрбір мәселені мұқият қарап, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Сондай-ақ айтылған мәселелер бақылауда болатынын ескертіп, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына нақты тапсырмаларын жүктеді.

