Kyzylorda-news.kz  Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов қатысты.

Аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдарымен өтініштерін тыңдап, тиісті түсіндірмелер берді.

Қабылдау барысында азаматтар жұмыспен қамту, жол инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда елді мекен көшелерін асфальттау, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша жүгінді.

Тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнаманың шеңберінде мәселелерді шешуге жұмыс жасауды тапсырды.

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: