Kyzylorda-news.kz  Өңірде Қызылорда қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен сәуір айының 23-29 күндері аралығында қала көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасы өтуде.

Шараның басты мақсаты – жазаның бұлтартпаулығы, салынған айыппұлдарды уақытылы өндіріп алу қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады. Сондай-ақ егер қандай да бір себептермен құқық бұзушы айыппұлды 7 күн ішінде төлей алмаса, онда оған 30 күн ішінде өз еркімен, бірақ айыппұлдың толық сомасын төлеуге мүмкіндік беріледі.

Айта кету керек, шара барысында айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізілген, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, жеке шоттарына, мүліктеріне шектеу қою сияқты. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. 
 

Тағы да оқыңыз: