Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Өтегенов Әміржан Сермаханұлының төрағалығымен ZOOM режимінде жедел кеңес өтті. Жиынға Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандық полиция бөлімдерінің басшылары және жеке құрамы қатысты. Кеңес әр аудан үшін бөлек белгіленген уақытта ZOOM платформасында өтті.

Жедел кеңес барысында полиция органдарының жедел – қызметтік жұмысы талқыланды. Әміржан Сермаханұлы жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамының назарына жеткізді.

ZOOM режимінде өткен Жедел кеңес барысында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар туралы айтылды.

Әміржан Сермаханұлы аудандық полиция бөлімдеріне құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, алаяқтық, ұрлыққа қарсы іс-қимылға, есірткі қылмысына қарсы күреске, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тағы басқа мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, департамент бастығының орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық өзгерістердің күшіне енгендігіне тоқталып өтті. 

Кеңес қорытындысы бойынша Әміржан Сермаханұлы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды белгіледі.

5115f9c3-92fd-437d-9e13-79b4b8b412d2.jpg

Тағы да оқыңыз: