Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы кітапханада Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Молдахмет Қаназдың туғанына 80 жыл толуына орай, өскелең ұрпаққа өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында«Алаш азаматы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. 

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенов, Журналистер одағының, халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденнің иегері, эколог-қаламгер Сайлаубай Жұбатыров, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев және М.Ықсанов атындағы колледждің студенттері қатысты.

Кеш қонақтары Молдахмет Қаназдың ағартушылық қызметі жайлы және көп жылдар бойы «Жалын» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметін атқарғанын, кейбір шығармаларының грузин, орыс, өзбек тілдеріне аударылғанын және Болгар жазушысы Е.Пелиннің, орыс жазушысы В.Карповтың, И.Мелеевтің шығармаларын қазақ тіліне аударғанын атап көрсетті.

317534041_3440143052974965_2365376609716818428_n.jpg
316322537_3440142949641642_8924259328282474862_n.jpg

Тағы да оқыңыз: