Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне барып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өндірістік цехтарды аралады. Аталған мекеменің өндірістік аймағында қазіргі таңда 14 жеке кәсіпкер 400-ге жуық жазасын өтеушіні жұмыспен қамтып отыр, – деп хабарлайды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі.

Өндірістік аймақта кірпіш зауыты, тігін цехы, дәнекерлеу цехы, қолөнер шеберханалары, брусчатка және пластик терезе дайындайтын цехтар бар.

Өндірістік аймақты аралау барысында облыс прокуроры департамент басшылығына жазасын өтеушілердің жасаған қолөнер бұйымдарына арналған жәрмеңке ұйымдастыру керегін және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Ризабек Кәрімұлы жазасын өтеушілерді жеке қабылдап, өтініштері мен шағымдарын мұқият тыңдап, қойылған сауалдарға заң аясында жан-жақты жауап берді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.

WhatsApp Image 2025-05-22 at 15.15.08.jpeg

Тағы да оқыңыз: