Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЗК-169/5 мекемесінің бақылау өткізу пункті арқылы жалпы салмағы 67,62 грамм марихуана есірткі  затын өткізбекші болған тұрғын ұсталды.

 Жазасын өтеп жатқандарға аяқ киімінің ішіне жасырып, есірткі өткізбекші болған Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны  күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша   (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)   сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.  Қазіргі уақытта полицейлер бұл оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Тағы да оқыңыз: