Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған бес сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.
Мәселен, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының 2023 жылғы 20-шы наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша бас бостандығынан айыру жазасының бір ай жиырма төр күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген «Ш» есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды.
Негізінен, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық бұл – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.
«2023 жылғы 20-шы наурыздағы істің негізі бойынша қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді. Осыған орай, «Ш» есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Жалпы, Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады. Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн», - дейді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы міндетін атқарушы, әділет капитаны Е.Жақсылықов.
