Kyzylorda-news.kz. Жаз айы тұрақсыз сипаты бар күндермен – нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндермен сипатталады.

Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде — Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын.

Маусымдық ауа райы болжамы, қаралып отырған маусым үшін климаттық шамалардан ауытқу (аномалиялар) түрінде (көпжылдық норма) көрсетілген орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді.

Жартыжылдыққа арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады:

15 қазан суық жартыжылдыққа (қараша-наурыз),

15 наурыз жылы жартыжылдықта (сәуір-қазан).

Маусымдық болжам жылына 4 рет нақтыланады: қыс, көктем, жаз және күзге арналған болжамдар.

15 ақпанда көктемге (наурыз-мамыр);

15 наурызда жылы кезеңге (сәуір-қазан);

15 мамырда жазға (маусым-тамыз);

15 тамызда күзге (қыркүйек-қараша);

15 қазанда суық кезеңге (қараша-наурыз);

15 қарашада қыста (желтоқсан-ақпан).

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: