Kyzylorda-news.kz. Бекарыстан би ауылдық Мәдениет үйінде жаз маусымында су айдынындағы қауіпсіздік шаралары сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге байланысты жиналыс өткізілді. Жиынға ауыл әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.
Жиынды ауыл әкімі Қ.Құрманбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.
Майдакөл ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Т.Жасыбаев жазғы суға шомылу маусымына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қауіпсіздік ережелері жөніндегі үнпарақтар таратты.
Ауылдық учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қ.Разақов су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауылдық амбулаторияның бас дәрігері Ә.Досбергенов – су айдындарында адамдарды құтқару бойынша көрсетілетін алғашқы көмектің түрлері, сақтану шаралары жөнінде түсіндірді.
Аманбай ахун мешітінің имамы Е.Қалиев – шариғаттағы адамның өмірі мен қауіпсіздігіне байланысты пікірін айтты.
№24 Ү.Түктібаев атындағы орта мектебінің директоры А.Садиров – жазғы каникул кезінде ата-аналар балалардың қауіпсіздігін басты назарға алу керектігін жеткізді.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Қапар - суға шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін бақылауға алу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша өз пікірін айтты. Ауыл әкімі Қ.Құрманбаев жиналысты қорытындылап, рахметін айтты.