Kyzylorda-news.kz Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жау құрсауына берілмеген қала!» атты жастарға арналған патриоттық сағат өткізді.

 Соғыстағы қиындыққа мойымаған жандардың қайсарлығы мен батылдығын сипаттайтын тарихи оқиға – Ленинградтың қоршаудан азат етілуі күніне орай ұйымдастырылған шараға студент жастар қатысты. 900 күнге созылған қанды қырғында неміс басқыншыларына қарсы соғысқан Кеңес әскерлері көзсіз ерлік көрсетті. Ленинградты жаудан азат ету жолындағы бұл шайқасқа қазақстандық әскери құрамалардың үштен бір бөлігі қатысты. Әсіресе, 316-атқыштар дивизиясы мен 314-ші дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін жаудан тазартуға атсалысты. 

Тарихи деректерге сүйенсек, Киров крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерилердің 30 пайыздан астамы осы шайқасқа қатысқан. Осы бір аласапыран күндерде Халық ақыны Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өрендерім» жырын жазып, ержүрек жауынгерлерге дем берді. Ақын жыры осылайша ерліктің әнұранына айналды. 1943 жылы қаңтарда Ленинград қоршауы бұзылды. Ал, қала 1944 жылдың 27 қаңтарында жаудан толықтай азат етілді. Шарада жастарға аталған тақырып аясында деректі фильмдер көрсетілді. Және Ұлы Отан соғысына арналған залдағы Ленинград шайқасы деп аталатын бұрыш кеңінен таныстырылды. Музей экскурсоводы Көшеней Балнұр Арнұрқызы Жау құрсауына берілмеген қала туралы кеңінен мағлұмат берді. Жыл өткен сайын соғыста жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлер қатары өкінішке орай сиреп барады. Алайда олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі сақталады.

«Жау құрсауына берілмеген қала!» атты жастарға арналған патриоттық сағат өтті.jpgЖау құрсауына берілмеген қала 2.webp

«Жау құрсауына берілмеген қала!» атты жастарға арналған патриоттық сағат өтті 1.jpg

Тағы да оқыңыз: