Kyzylorda-news.kz Ел болашағы – жастардың қолында. Қоғамдық өмірге белсене араласып, елдің дамуына өз үлесін қосып жүрген жастардың азаматтық ұстанымы – мемлекеттің жарқын келешегінің кепілі.
Осы бағытта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да қоғамдық-саяси өмірден шет қалмай, маңызды шараларға белсенді қатысып келеді.
Құрылтай сайлауында еңбек жасақтарының жастары өз таңдауын жасап, дауыс беріп, азаматтық белсенділіктерін танытты. Жастар үшін дауыс беру – тек сайлау учаскесіне барып, таңдау жасау ғана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершілікті сезіну.
Өз таңдауы арқылы олар қоғамның дамуына қатысты көзқарасын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
