«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Арал ауданы көлемінде ағаш көшеттері мен гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұл экологиялық науқанның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Аталған жұмыстарға мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен ерікті жастар атсалысты. 

Биылғы маусымда Арал қаласында 3000 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Жергілікті жерге төзімді көшеттер таңдап алынды. Аяқ су мәселесі қиындық тудырмас үшін тамшылатып суару әдісі қолданылуда. Бұдан бөлек, орталық көшелерге, демалыс орындарына, саябақтарға гүлдер отырғызылылып жатыр. Бүгінгі акцияда Арал қаласына 70 түп ағаш, 100 түп гүл көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, акция аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары да жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Атап өтейік, осы аптадан бастап «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

 

5bd9e75e-239f-4f64-8eff-ac0ab0ad64d4.jpg1e87c4ac-4b33-45ad-9415-c7f0aba49081.jpg71a7df0d-3470-42d7-8857-3489ec7b795c.jpg

Тағы да оқыңыз: