Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік құрылымның жаңа кезеңі бүгіннен басталды десек артық айтқандық емес. Мәслихаттардың құзыретін арттыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағыт алынды. Бұл бастамалар жергілікті мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етері сөзсіз.
Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының құрылатындығына бүкіл қазақстандықтар қуанғаны рас. Бұл аймақтардың дамуына, рухани жаңғыруына серпін берері хақ. Көршілес Жезқазған өңірі мен біздің аймағымыздың арасында үлкен оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.
Президенттің өкілеттіктерді қайта бөлуі, жақын туыстарды саяси лауазымдарды атқарудан шектеуі және Президент пен облыс басшылығының партия жетекшілігінен алынуы, жаңа саяси партиялардың тіркелуіне мүмкіндік беруі-еліміздің қоғамдық-саяси өміріне жаңа өзгерістер әкеледі.
Мәжіліс құзыретінің артуы, сондай-ақ сайлаудың ішінара мажоритарлық жүйесін енгізу және әкімдердің сайланбалылығын енгізу Президент бұрын жариялаған саяси реформалардың іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанының көрінісі.
Халық ортасынан шыққан қоғам белсенділерінің басын біріктіретін Ұлттық құрылтай құрылып, онда көпшілік көкейіндегі өзекті мәселелердің шешімін табуына түрткі болады. Міне, осындай жаңа бастамалар халық үніне құлақ асатын мемлекетке деген сенімді арттыра түсері сөзсіз.
Жасұлан ЖАРАСБАЕВ,
Қызылорда қалалық мәслихат депутаты
