maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің қатысуымен жиын өтіп, қазіргі жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Студенттер сарайында ұйымдастырылған басқосуға теолог, дін саласы бойынша республикалық-ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Есенгелдіұлы қатысып, жастарға интернеттен діни мазмұндағы ақпараттар алудың қауіптілігі және жат ағымдардан сақтану жолдары аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаһандану дәуірінде түрлі-түрлі рухани қауіп-қатерлердің бар екендігі және жастарды «бұқаралық мәдениеттің» зиянды әсерінен қорғау маңызды рөл атқаруда. Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың санасын бөтен идеялардың ықпалынан қорғау, ақпараттық шабуылдарға қарсы идеологиялық иммунитетті қалыптастыру, қылмыстың, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға көмектесу, жастарда патриотизм сезімін арттыру қажет. Өскелең жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін дұрыс қалыптастыру, оны түрлі қауіп-қатерлерден қорғау, сананы көтеру – рухани-ағарту саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Жиын барысында студенттер сала мамандарына сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді.

 

Қорлан САРЫ
Фото: университеттің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Тағы да оқыңыз: