Kyzylorda-news.kz. Аграрлық несие корпорациясы Қазақстанның бірқатар өңірінде жастарға шағын несие беру бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың басталғанын хабарлайды. 

Биыл барлығы 5 мың 796 шағын несие беру жоспарланған. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Астана қаласында құжат қабылданып жатыр. Қалған өңірлерде жастарды несиелеу сәуір айында басталады.
 

Тағы да оқыңыз: