Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданына қарасты бірнеше ауылда сала мамандарының қатысуымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатында «Мүмкіндіктер алаңы» бастамасымен ауыл жастарына көшпелі кеңес беру іс-шарасы өткізілді.

Негізінен, іс-шараның мақсаты – қазіргі таңдағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету болып табылады. Іс-шара барысында сала мамандары жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндаған болатын. 

«Біз бірнеше ауылда «Мүмкіндіктер алаңы»  жобасы жүзеге асырылуда. Осы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында тиісті іс-шара қабылдануда. NEЕT санатындағы жастар қатарын азайтып, олардың кәсіппен айналысуына жағдай жасау керекпіз. Мемлекеттік бағдарламалар  көмегімен жастар кәсібін ашып, бизнесін жандандыра білгені жақсы. Сонымен бірге өз мамандағы бойынша жұмыс табуына мүмкіндіктер қарастыру – басты мүддеміз», – деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.   

Мұнан соң отбасының цифрлық картасында көрсетілген жұмыссыз жастармен адрестік жұмыстар жүргізіліп, жастарға мүмкіндіктер ұсынылды. 
 

Тағы да оқыңыз: