Kyzylorda-news.kz.  Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

Осы орайда Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығында «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуде орталық директоры  Нұрман Абдрасилов аудан жастарына орталықтың жұмысын таныстырды. Және орталық кеңесшісі Жансая Байтәжиева аудан жастарына жемқорлықтың алдын алу туралы кеңінен тоқталды.

Аудан жастары  қатысып, бүгінгі тақырып бойынша жемқорлықтың еліміздің осы уақытқа дейінгі жетістіктеріне балта шабатынын, өскелең ұрпақтың дұрыс бағытта өсуіне кері әсерін тигізетіндігін айтты.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Тағы да оқыңыз: