Kyzylorda-news.kz. 12 тамыз -Халықаралық жастар күніне орай «Жастар ресустық орталығы» ғимаратында шара өтті.
Орталықтың директоры Бауыржан Мәстеков Халықаралық жастар күнімен құттықтап, өңір жастарына қатысты күнделікті ақпараттар жарияланатын «Syr zastary» сайтымен таныстырып өтті.
Одан соң, IT PARK кабинетімен таныстырып, қазіргі таңда қала тұрғындарынан істен шыққан компьютерлерді қабылдап жатқандықтарын, бірнеше істен шыққан компьютерді IT мамандары жөндеп, бір жұмыс жасайтын компьютер шығарып, оқу жылына дейін тұрмысы төмен отбасыларға берілетінін айтты.
Шара соңында «Жастар ресустық орталығы» КММ-нің директоры Бауыржан Мастеков, Қызылорда қалалық пробация бастығы әділет капитаны Жеңіс Ернияз пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
“Алдағы уақытта меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз”,- деді қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Жеңіс Ернияз.