Kyzylorda-news.kz. «Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана халқымыз. Саналы ұрпақ – ел болашағы, еліміздің келешегі – жастарда. Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы керек. Жастардың білімін толықтыру, қоғамдық өмірге белсене араластыру және жастар арасында рухани-өнегелік құндылықтарды дамыту жолдарын көрсетіп, болашағына бағдар беру өте маңызды.

Осы орайда облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологы Г.Нетбаеваның ұйымдастыруымен Жастар үйіндегі барлық жастарға жетістікке жетудің жолдарын үйрететін мотивациялық сабақ өткізілді.  Мотивациялық сабақ еркін форматта өтті, яғни әрбір қатысушы жас өзінің ойын еркін ортаға салу арқылы көкейінде жүрген сұрақтарын талқылады.

Г.Нетбаеваның айтуынша, кез келген адам өмірде табысқа, жетістікке жеткісі келеді. Оның орындалуы үшін алдына мақсат қойып, соған жетуге бар күшін салады. Әрине, көздеген мақсатқа бірден жете қою мүмкін емес. 

Жетістік дегеніміз – бір мақсатқа бағытталған рухани әрі дене қуатының белгілі бір деңгейде биікке жетуі. Қандай да бір істі тындырымды да тыңғылықты істеу де өз алдына жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарлағандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Ал үлкен өмірге енді аяқ басқан жастарға осы бағытта жөн сілтеудің рөлі айрықша. Бағыт-бағдар беріп, қолдау білдіру де жастарды жігерлендіретіні анық. 

Бүгінгі мотивациялық шарада жастар өз ойларымен кеңінен бөлісіп, сала маманының сұрақтарына жауап берді. Өздеріне керек түрлі кеңестер мен мотивациялық нұсқаулықтар да алды. 
 

316694075_1396244077816914_4885990839608262728_n.jpg

Тағы да оқыңыз: